"Қайтадан" фильмі Steppe Awards сыйлығының жеңімпазы атанды

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Картина "Кинематограф" номинациясында жеңіске жетті.

"Қайтадан" фильмі Қазақстандағы креативті индустрия саласындағы беделді марапаттың бірі "Steppe Awards" сыйлығының иегері атанды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Қайтадан" – режиссер Думан Еркімбектің толықметражды дебюттік туындысы. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Жоба 2023 жылғы кино жобалар питчингінде жеңімпаз атанып, мемлекет қолдауымен түсірілген және прокатта 1 миллиард теңгеден астам қаражат жинаған алғашқы отандық фильм ретінде тарихқа енді.

Басты рөлдерді Жасұлан Көпберген, Шұғыла Ешенова, Айбек Әзімбек және Ермек Шынболатов сомдаған. Түсірілім жұмыстары Алматы облысында өтті. Фильмде компьютерлік графикамен қатар шынайы арнайы эффектілер қолданылған. Қоюшы-суретші – Бекен Нарбай, продюсерлер – Жалын Тілеубергенов пен Талғат Сырманов.

Steppe Awards – Қазақстандағы креативті индустрия саласындағы үздіктерді анықтайтын марапат. 2025 жылы сыйлықтар 16 номинация бойынша табысталды. Атап айтсақ, кинематограф, театр, креативті IT, урбанистика, digital art және Steppe Women. Биылғы марапаттың тақырыбы – "Ренессанс". "The Art of Becoming" ұранын негізге алған ұйымдастырушылар ізденіс, даму және жаңғыру идеясын айқын бейнелеген жобаларды атап өтті.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз