"Қайрат" пен "Пафос" ойыны: Алматыда жолдар жабылып, қосымша автобустар іске қосылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Матч сағат 21:45-те басталады.

21 қазан күні Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасы аясында қазақстандық "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" командалары кездеседі. 

Алматы қаласы спорт басқармасының хабарлауынша, ойын күні стадион маңындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда, матч өтетін уақытта Абай даңғылы, сонымен қатар Байтұрсынов, Сәтбаев және Шевченко көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі.

Жанкүйерлердің үйге ыңғайлы жетуі үшін матч аяқталғаннан кейін алты бағыт бойынша 60 қосымша автобус қатынайды:

  • Орталық стадион — "Алматы Арена" (A1)
  • Орталық стадион — Райымбек / Алатау (A2)
  • Орталық стадион — Алматы-1 теміржол вокзалы (A3)
  • Орталық стадион — "Орбита" шағын ауданы (A4)
  • Орталық стадион — "Жұлдыз" шағын ауданы (A5)
  • Орталық стадион — әуежай (A6)

Ведомство өкілдері жанкүйерлерге стадионға ертерек келіп, билетте көрсетілген кіреберістер арқылы кіруді және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұсынды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында стадион аумағында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз