Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін "Қайрат" пен кипрлік "Пафос" командалары арасындағы матч кезінде қауіпсіздік шараларын барынша күшейтті.
Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау, трибуналардағы тәртіпті бақылау және стадион маңындағы жол қозғалысын реттеу бағытында толық құрамда қызмет атқарады.
Полицияның мәліметінше, ойын кезінде көлік қозғалысы жартылай шектелуі мүмкін. Сол себепті қала тұрғындары мен жанкүйерлерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарау ескертілді.
"Алматы полициясы футбол кешінің тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр. Қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына емес, азаматтардың өз жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен ынтымақтастық танытуды сұраймыз", – деді Алматы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Айта кетейік, "Қайрат" – "Пафос" матчы 21 қазанда сағат 21:45-те Орталық стадионда өтеді.
USD:
516.7 / 519.3
EUR:
605.5 / 609.5
RUB:
6.35 / 6.47