Әрбір банк, микроқаржылық ұйым және коллекторлық агенттікпен жеке жоспар құрылып, елдің борыш жүктемесін төмендету жолдары пысықталған, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Енді агенттік борышкердің несиені өтеуге жағдайы жоқтығын анықтаса, қаржы ұйымдарына қарызды кешіруді ұсынады. Ал борышкердің төлеу мүмкіндігі бар, бірақ қиын жағдайда қалғаны нақтыланса – кредитті қайта құрылымдау жағын ойластырады. Бұл тұтынушының қаржылық ахуалы нашарлап кетпес үшін жасалғалы отыр.
Оқи отырыңыз: Несие төлемін кешіктірсеңіз, не істеу керек? Маман кеңесі
Осылайша, 2024 жылдың соңына дейін 1,5 миллион борышкердің несие жүктемесі азайтылмақ. Сондай-ақ, тұтынушылық несиенің максималды мөлшерін шектеу жоспарланып отыр.
"Келешекте несие төлеуге қиналатындар қатары көбеймес үшін біз проблемалық несиесін толық жаппағандарға жаңа несие алуға заңмен тыйым салуды ұсынамыз. Қарыз алушының басқа банкте немесе микроқаржылық ұйымда мерзімі өткен несиесі болса, онда ол проблемалық қарызы жабылғанға дейін несие ресімдей алмауы тиіс. Осыны заңмен бекіту қажет", – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.