Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды марапаттады. Бұл туралы 2024 жылғы 2 қазанда Ақорданың басылымында белгілі болды.
"Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сонымен қатар халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды", – делінген Жарлықта.
Атап айтқанда, 1 адам "Парасат" орденінің және жеті азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 85, ал "Шапағат" медалі бес адамға берілді.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының нәтижесінде Қазақстан 114 медаль жеңіп алды: 44 алтын, 33 күміс және 37 қола.