Тікелей эфир

Көшпенділер ойындары: аламан бәйгеде "Айқабақ" мәре сызығын бірінші болып кесті

"Жұмыртұяқ" екінші орынды иеленсе, қырғызстандық сәйгүлік – "Қара қыз" үштікті түйіндеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 25 шақырымдық Аламан бәйгегеде қазақстандық екі тұлпар жүлделі орынды иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда жеті ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып "Айқабақ" кесті. "Жұмыртұяқ" екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – "Қара қыз" үштікті түйіндеді.

Қазақстан қоржынында бір алтын, бір күміс бар.

1-орын: "Айқабақ", шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сәтбаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан); 

2-орын: "Жұмыртұяқ", шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан); 

3-орын: "Қара қыз", шабандоз – Нурэл Элесов, бапкері – Нұрбек Керімбеков, ат иесі – Изат Сырғақ уулу (Қырғызстан).

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары