USD: 480.3 / 482.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді газдандыру деңгейін 80 пайызға дейін жеткізуді тапсырды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2029 жылға дейін елде жалпы қуаты 13 гигаваттан асатын жаңа энергетикалық нысандар іске қосылады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі газдандыру қарқынын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, көмірсутек шикізаты қала мен ауыл тұрғындары үшін қолжетімді жылу мен энергия көзі болып қала береді. Осыған байланысты елде газдандыру жұмыстарын күшейту жоспарланып отыр.

"Елді газдандыруды жеделдетуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі 65 пайыздық көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дәстүрлі энергетикамен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да ерекше назар аударылып жатқанын айтты. Қазіргі таңда "жасыл" энергетиканың елдің энергия теңгеріміндегі үлесі 7 пайызға жеткен.

Президенттің мәліметінше, өсіп келе жатқан экономиканы сенімді энергиямен қамтамасыз ету үшін 2029 жылға дейін жалпы қуаты 13 гигаваттан асатын жаңа энергетикалық нысандар іске қосылады. Оның кемінде төрттен бірі жаңартылатын энергия көздері есебінен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан табиғи ресурстар әлеуетін толық пайдалануы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекет көмірді қоса алғанда, қазба отынның мол қорын тиімді игеруге міндетті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз