Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру бағытына тоқталды.
"Халқымыз бірінші байлық денсаулық деп бекер айтпаған. Коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Күн сайын мыңдаған азаматымыз дертке шалдығып, талай адам өмірден өтуде. Біз уақыт ұттырмай індетпен күресу шараларын дереу қолға алдық. Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің бірі. Вакцинамыздың тиімді әрі қауіпсіз екеніне еш күмән жоқ. Қазіргі Qazvac-қа өзге мемлекеттер де сұраныс білдіруде. Елімізде вакцина қоры жеткілікті. Азаматтарымыздың таңдау мүмкіндігі бар. Көптеген мемлекеттердің бұған қолы жетпей отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол Қазақстанда жаппай екпе салып жүру жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп екенін атап өтті. Президенттің сөзінше, ондай аламлар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеп отыр.
"Соның кесірінен қаншам жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуіміз қажет. Сондықтан екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн. Адамзат көптеген індетті бастан өткерген. Вакцина пайда болғаннан кейін ғана қауіпті індеттерге тосқауыл қойғанын ұмытпауымыз керек. Алдағы уақытта әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығу мүмкін. Сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтуда. Біз оның қашан болатынын күтіп қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алып, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындау қажет екенін айтты.
"Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын ұлттық жүйе құрылуы тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын. Медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес. "Дені сау ұлт" жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялармен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90%-ға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады. Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек. Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Бұрыннан бар стандартты екпелер көптеген балаға салынбай қалды. Әрине, бұған жол беруге болмайды", – деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.
Мемлекет басшысы медицина саласына қомақты қаражат құйылуы қажет екенін және бұл қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалуға тиіс екенін мәлімдеді.
"Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. Вируспен күрес кезінде дәл осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қаіпсізділіг үшін маңызды екенніне көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жанжандырған жөн. Инвесторларды тартып, озық технологияны және осы саладғы жаңа зерттеу жұмыстарын игеруді қолға алу керек", – деді ол.