Тікелей эфир

Президент Бектенов туралы: Өте білімді әрі еңбекқор адам

Тоқаев Әлихан Смайыловтың кезінде де жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын неге қабылдағанын түсіндірді. 

"Жаңа тәсілдер әзірленетін болады. Жалпы, менің ойымша, үкіметке жаңа серпін беру керек. Мұны қалың жұртшылық та күтіп отыр. Осы себепті мен Әлихан Смайыловтың отставкаға кету туралы өтінішін қабыладым. Оның басшылығымен үкімет барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз етті", – деді Тоқаев. 

Мұнымен қатар, ол экономикадағы көрсеткіштерге тоқталып, 5 пайыз өсімнің жақсы нәтиже екенін атап өтті. Сондай-ақ алда үлкен мақсаттар тұрғанын айтты. 


Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов премьер-министр болып тағайындалды


"Мақсаттарымызды іске асыруымыз керек. Экономиканы жақсартқымыз келсе, алда жаңа ұстанымдар, жаңа көзқарас қажет болады. Сондықтан қызметке жаңа тұлғалар тағайындалады. ҚР Конституциясына сәйкес премьер-министр лауазымына Бектенов Олжас Абейұлының кандидатурасын ұсынамын. Оның кандидатурасын "Аманат" партиясы ұсынды. Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші, өте білімді, жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар, еңбекқор адам. Сондықтан оның алға қойған міндеттерін іске асыру үшін әлеуеті жеткілікті деп ойлаймын. Сіздер келіскен жағдайда Олжас Абайұлы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін барын салады деп сенемін", – деді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары