Тікелей эфир

Олжас Бектенов премьер-министр болып тағайындалды

Ол бұған дейін ҚР президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

Қазақстанның жаңа премьер-министрі болып Олжас Бектенов тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлық мәтінінде. 


Оқи отырыңыз: Президент Бектенов туралы: Өте білімді әрі еңбекқор адам


Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

  • 2005-2006 жж. – премьер-министр кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы;
  • 2006-2009 жж. – президент әкімшілігінде қызмет істеді;
  • 2009-2012 жж. – әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары;
  • 2012-2014 жж. – экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы;
  • 2015-2016 жж. – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, президенті әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі;
  • 2016-2017 жж. – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
  • 2017-2018 жж. – Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
  • 2018-2019 жж. – мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары;
  • 2019-2022 жж. – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
  • 2022-2023 жж. – cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
  • 2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының жарлығымен президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі "Айбын" және "Даңқ" ордендерімен наградталған.

Серіктестер жаңалықтары