Президент Адай жылқысын асыл тұқымды мал ретінде әлемге танытуды тапсырды

Мемлекет басшысы жылқының бұл түрін Маңғыстаудың бірегей байлығына теңеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың Адай жылқысын әлемге таныту арқылы оны ұлттық брендке айналдыруға болатынын айтып, бұл жылқының санын көбейтуді Үкіметке тапсырды.

"Қазақ Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді екенін бәрі біледі. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафон жарыстарында әрдайым бәйге алып жүр. Жақында өткен "Ұлы дала жорығында" облыс шабандоздары жеке-дара озып келді. Қазақ Адай жылқысын әлемге таныта алсақ, бұл біздің тағы бір тамаша брендімізге айналады", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Маңғыстауға бөлінген мемлекеттік білім гранттарының төрттен үші игерілмеген


Ол, сондай-ақ Маңғыстау облысында түйе шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік шараларды күшейту мәселесін пысықтауды тапсырды.

"Маңғыстаудың табиғаты түйе өсіруге өте қолайлы екені белгілі. Қазір облыста 90 мыңға жуық түйе бар. Түйе өнімдеріне бүкіл елімізде сұраныс өте жоғары. Одан алынатын шикізатты терең өңдеу жұмысын қолға алу қажет. Бұл өнімнің түрін көбейтеді әрі оның бағасына оң ықпал етеді. Үкіметке түйе шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік шараларды күшейту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл салаға субсидия беру жолдарын да қарастыру керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары