USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Прага зообағынан әкелінген Пржевальский жылқылары қазақ даласына жерсіндіріледі

24 сәуірде Қазақстан-Чехия арасында меморандумға қол қойылды.

Елімізге Пржевальский жылқысын жерсіндіру бойынша Қазақстан-Чехия арасында меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жылқылар Прагадан жеткізіледі.

"Биыл 24 сәуірде елімізге Пржевальский жылқысын жерсіндіру бойынша Қазақстан-Чехия арасында меморандумға қол қойылды. Жылқылар Прага зообағынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға әкелінеді" – деді Данияр Тұрғамбаев.


Меморандум еліміздегі жабайы табиғатты қорғау саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және жануарлар әлемінің жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз