Халықаралық Vietjet Air әуе компаниясы барлық халықаралық рейстеріне 30 пайызға дейінгі жеңілдік жасайтынын хабарлады. Бұл жеңілдік Алматыдан Ханой мен Прагаға ашылатын әуе рейстеріне жарамды.
Әуе компаниясының ақпаратында акция 1-8 тамыз аралығында өтеді, осы уақыт аралығында билеттерді жеңілдікпен алуға болады. Дегенмен, Ханой – Алматы – Прага әуе рейсі тек күзде, 10 қазаннан бастап ашылатынын еске саламыз.
"Акция әуе компаниясының барлық халықаралық бағыттарына, соның ішінде Алматы – Прага және Алматы – Ханой рейстеріне қолданылады. Бұл саяхатшыларға іскерлік сапарлар мен демалыстарын тиімді бағамен алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді", – делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ, қазақстандықтар бұл жеңілдікті басқа рейстерге де қолдана алады. Vietjet Air әуе компаниясының кең халықаралық маршруттық желісі Қазақстаннан Вьетнамға және Азия-Тынық мұхиты өңірінің көптеген бағыттарына ыңғайлы ұшуға мүмкіндік береді. Мәселен, Ханой мен Прагадан бөлек, авиакомпания Вьетнамның ірі қалаларына, сондай-ақ Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің танымал бағыттарына рейстер орындайды.
VietJet Air жазда Ханой – Алматы – Прага әуе рейсін іске қосады