11 шілдеден бастап вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.
Бұл рейстер аптасына екі рет Airbus A330 әуе кемесімен орындалады.
"Аталған рейстер Қазақстандағы "ашық аспан" режимі аясында жүзеге асады. Бұл режим халықаралық әуе қатынасын дамытуға және шетелдік әуе тасымалдаушыларды тартуға көбірек мүмкіндік береді. Рейстердің қосылуы туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына, сондай-ақ Қазақстанның Вьетнам және Чехиямен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді", – делінген хабарламада
Комитет өкілдерінің айтуынша, бұл бағыт Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы маңызды транзиттік ел ретіндегі рөлін күшейтіп, халықаралық әуе маршруттары желісінің одан әрі дамуына ықпал етеді.
USD:
481.9 / 484.9
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.79 / 5.99

