Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға полиграфтың көмегі мол екенін айтады. Мұнымен қатар, полиграфтың көмегімен адамның құмар ойындар мен нашақорлыққа және тәуелділіктің өзге де түрлеріне бейімділікті ерте анықтауға болады.
"Полиция департаменті жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа, заңдылық пен тәртіпті бұзуға қарсы іс-қимыл бойынша барлық қажетті ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдаудап жатыр. Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын (мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 жарлығымен бекітілген), сондай-ақ ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын (ішкі істер министрі 2023 жылғы 22 желтоқсанда бекіткен) іске асыру ерекше бақылауда тұр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының бірі полиграфты пайдалану болып отыр", – деді СҚО полиция департаментінің өкілдері.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осы күнге дейін жүргізілген тәжірибеге сәйкес полиграф жемқордың теріс мотивациясын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, қызметін теріс пайдаланатын қызметкерден бірден сақтануға болады.
Оқи отырыңыз:
- Жемқорлық фактілерін хабарлап, сыйақы алғандар заңмен қорғалады – Антикор
- "Көп балалы ананың пара бергені қынжылтты". Жемқорды ұстап берген мемлекеттік қызметкердің әңгімесі
"Полиграфтың көмегімен кандидаттардың жеке және іскерлік қасиеттері мұқият зерттеледі, бұл кәсіби кадрлық іріктеу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуда тиімді құралға айналады. Полиграфты ішкі істер органдарында қолдану жасырын теріс мотивацияны, қоғамға жат мінез-құлықтың көріністерін, бұрынғы қызметтік жағдайын теріс пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді. Полиграфты қолдану зерттелетін адамның жасалған заңсыз әрекетке қатыстылығын (немесе қатысы жоқтығын) анықтауға ғана емес, сонымен қатар заңсыз әрекеттерді жасау әдістері мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді", – деді полицияның баспасөз қызметі.
Полиграф тек сыбайлас жемқорлық фактісін алдын алып қана қоймай, түрлі теріс тәуелділікке адамның қаншалықты бейім екенін анықтап береді.
"Оның ішінде, полиграф "тәуекел аймақтарын" – маскүнемдікке, нашақорлыққа және құмар ойындарға бейімділікті анықтауға көмектеседі. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасында 61-26-89, 8-700-191-26-89 "сенім телефондары" жұмыс істейді. Мұнда әрбір азамат жүгініп, сыбайлас жемқорлықтың, сондай-ақ полиция тарапынан заң бұзушылықтың белгілі немесе дайындалып жатқан фактілері туралы хабарлай алады. Сонымен қатар, азаматтарға ыңғайлы болу үшін Whats App функциясы бар сенім телефонының мобильді нұсқасы қолданылып келеді. Өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері сыбайлас жемқорлық және басқа да заң бұзушылықтар фактілерінің алдын алу, жолын кесу және анықтау мақсатында жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп тұрады. Көбінесе мұндай іс-шаралар кенеттен күндізгі және түнгі уақытта өткізіледі", – деп қосты полициядағылар", – деді СҚО полициясы.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда мемлекеттік ғимараттарды жармақ болған террорист сотталды
Бұдан бөлек, бөлімше қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында тиісті ұсынымдар әзірлей отырып, ішкі талдаулар жүргізеді, одан әрі зерделеу жүргізіп, тиісті қортынды шығару үшін талдамалық анықтамалар ІІМ-ге жіберіледі. Сондай-ақ, полициядағылардың айтуынша, қылмыс жасаған қызметкерлердің бұрынғы қызмет орны бойынша көшпелі және ашық сот отырыстарын өткізу тәжірибесі жалғасуда. Бұл шара әсері күшті психологиялық фактор болып табылады және келешекте сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің мінез-құлқына әсер етеді.
"Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылғы 08 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған арнайы бастапқы оқыту, қайта даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының жоспар-кестесіне сәйкес ІІО қызметкерлерінің кәсіби қасиеттерін дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды ұйымдастыру үшін "ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында көшпелі оқыту курстары өткізілді. Сабақ ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтында және Алматы академиясында тергеу, анықтау, әкімшілік және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері үшін "ІІО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында өткізіледі. Ішкі істер органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәртіп пен заңдылықты сақтау жөніндегі жұмыс жалғасуда және департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деді СҚО полиция департаментінің өкілдері.