Тікелей эфир

Полиглоттар қаласы: Алматыда қанша адам 6 тіл біледі?

10-14 және 25-29 жастағы алматылықтар ағылшын тілін басқаларға қарағанда жақсы біледі.

2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9 пайызы екі тілді, 28,6 пайызы – үш тілді меңгерген, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 

Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7% 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2 пайызы біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.

"Ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%. Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында", – делінген хабарламада. 

Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді. 


Оқи отырыңыз: Отандық ғалымдар жасанды ақылға 50 млн қазақ сөзін енгізді


Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары