Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері қазақстандықтарды құттықтап, жолда аса сақ болуға үндеді. Арнайы бейнеүндеуде жүргізушілерге ішімдік ішіп, көлік басқармау жөнінде қатаң ескерту жасалды.
Полицияның мәлімдеуінше, мереке – шаттық пен қуанышқа толы сәт болғанымен, дәл осы кезеңде жолдағы бейқамдық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
"Жаңа жылды қауіпсіз қарсы алайық! Әрбір жүргізуші жол жүрісі қағидаларын бұлжытпай орындап, көлік тізгініне тек сергек күйде отыруға тиіс", – делінген полиция таратқан бейнеүндеуде.
Ведомство өкілдері мас күйде рөлге отыру тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетін заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар адам өміріне төнген тікелей қауіп екенін атап өтті.
"Жолдағы жауапкершілік – амандықтың басты кепілі. Әр сапар сәтті аяқталсын! Келе жатқан жаңа жыл бақ пен берекеге, қуаныш пен шаттыққа толы болсын!", – делінген үндеуде.
Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды мереке күндері барынша сақ болып, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
lw-3094948329-1
USD:
512.5 / 519.5
EUR:
595.0 / 605.0
RUB:
6.09 / 6.39