Тікелей эфир

Полицейлер Екібастұздағы жаппай улану дерегі бойынша іс қозғады

Полиция санитарлық нормалардың бұзылуын тексеріп жатыр.

Екібастұзда жаппай улану дерегі бойынша іс қозғалды. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлады.

Қалалық мекемелердің бірінде өткен той 14 сәуірде жергілікті жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық көмекке жүгінген науқастардың кенет ағылуына себеп болды. Медициналық көмекке жүгінген 32 адамның 28-і құсу, іштің құрысуы және жоғары қызба сияқты белгілермен емделуге жатқызылды. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Құқық қорғау органдары абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығып, улануына әкеп соққан санитарлық ережелер немесе гигиеналық нормаларды бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.


Оқи отырыңыз: Екібастұзда тойдан кейін 28 адам ауруханаға жеткізілді


Екібастұз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында тексеру жүргізу тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары