Перизат Қайрат түрмеде қандай жұмыс істеп жатқаны белгілі болды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сотталған Перизат Қайрат түзеу мекемесінде еңбекке тартылған.

Жазасын өтеп жатқан Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналасты. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сотталған азаматша сот үкіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

"Ол мекемеде жұмысқа тартылған және қызметтік үй-жайларды тазалау жұмысын атқарады", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, Перизат Қайрат қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені жеке мақсаттарына жұмсады деп айыпталып, былтыр 25 шілдеде 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленген болатын. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз