Тікелей эфир

Павлодарлық мектептің аумағына кіріп кеткен еліктің жағдайы белгілі болды

Орманшылар жабайы жануарды табиғатқа жібермек.

Соңғы уақытта павлодарлықтар қаланың ішінде еліктердің жүргенін байқай бастады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

5 наурызда әлеуметтік желіде А.Шамкенов атындағы лицей-мектебінің ауласына таңертең елік кіріп кеткен бейне таралды. Бей-жай өте алмаған тұрғындар аяғы ақсаңдап жүрген жануар үшін алаңдап, құтқарушыларға хабарласып, оны алып кетуді сұраған. Бірнеше сағаттан кейін орманшылар елікті Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне алып кетті. Бүгінде еліктің жағдайы жақсы. 

"Ветеринария бөлімі жануарды бірден қарап шықты. Ол әлі 3-4 күн бойы бақылауда болады. Ешқандай жарақаты болған жоқ", – деді орманшы Дана Мұқышева. 

Оның сөзінше, елік қаланың ішіне кіріп, адасып кеткен. Жануар шошып қалған болатын. Бірнеше күн ішінде еліктің қалыпты жағдайы тұрақты болса, ол табиғатқа жіберіледі.


Оқи отырыңыз: 8 наурызда Қазақстанда жылынып, жаңбыр жауады


 

Серіктестер жаңалықтары