Тікелей эфир

8 наурызда Қазақстанда жылынып, жаңбыр жауады

Кей жерлерде қар жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, 7-9 наурызда Қазақстанда күннің жылынуы аясында жауын-шашын күтіледі.

"Елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. 9 наурызда республиканың оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", – деді синоптиктер.

Күндіз батыста 0...8°, солтүстікте -4...+1°, оңтүстікте +10...+20° жылы болады.


Оқи отырыңыз: 5 және 6 наурызда Қазақстанда күн жылы болады


"Республика бойынша да желдің күшеюі күтілуде. Батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары