Тікелей эфир

Павлодарда жүкті әйел диспетчердің көмегімен босанды

Әйелді жұбайы босандырған.

103 диспетчері перзентханаға барар жолда 35 жастағы әйелге босануға көмектесті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Медициналық топ келгенге дейін жедел жәрдем қызметкері босанған әйелдің жұбайына нұсқау берді.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 103 пультіне шұғыл қоңырау 21 сәуірде таңғы 06:00-де келді. Желінің ар жағындағы ер адам перзентханаға жұбайын әкеле жатқанын түсіндірді. Омбы тас жолындағы Береговое ауылынан шыққан жолда әйелдің суы кетіп, толғақ басталған. 

Диспетчер жақын маңдағы медициналық бригаданы сол жерге жіберіп, жұбайына босануды қалай қабылдауға болатыны туралы нұсқау бере бастаған. Нәтижесінде жедел жәрдем қызметі келгенінен екі минут бұрын салмағы 3,5 килограмм және бойы 52 сантиметр ер бала дүниеге келді. Медициналық топ жылу тізбегін сақтап, анасын баласымен бірге облыстық перинаталдық орталыққа жеткізді.


Оқи отырыңыз: Екібастұзда ер адам әйелін үйде босандырып алды


"Бұл – біздің қызметіміз, биыл дәл осындай әдіспен жолда, үйде 8 сәби дүниеге келді. Осы жағдайлардың барлығында дерлік «қоңырауды ұстап тұру» әдісі қолданылды. 103 жұмысында уақыт өте маңызды. Сондықтан, барлық қиын жағдайларда диспетчерлер қоңырау арқылы медициналық топты жіберіп, телефонды қоймайды", – деді облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Серіктестер жаңалықтары