Павлодар қаласының 72 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Оқиға Ресей нөмірінен түскен қоңыраудан басталған. Белгісіз адам өзін дәрігер ретінде таныстырып, зейнеткерге басқа емханада вакцинациядан өту қажет екенін айтқан. Сенгіш әйел келген SMS-хабарламадағы кодты айтып берген. Алайда ол бұл әрекет арқылы алаяқтарға өз банк шоттарына қол жеткізуге мүмкіндік бергенін аңғармаған.
Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленушіге өзін "тергеуші Эдуард" және "қаржы маманы Виктор" деп таныстырған тағы бірнеше адам хабарласқан. Олар зейнеткердің есепшотына мемлекеттік қаражат түскенін айтып, оны кері қайтару қажет деп сендірген. Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел банк шотынан 2 миллион теңге шешіп алып, қаражатты шетелдегі белгісіз есепшотқа аударған.
Оқи отырыңыз: Астанада "S-Group" қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр: шығын 136 млн теңге
Ақша аударылғаннан кейін ғана зейнеткер өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Қылмыскерлер болған жағдайды жасыру мақсатында барлық хабарлама мен қоңырау журналын өшіруді талап еткен.
Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады.
USD:
516.5 / 519.1
EUR:
606.0 / 611.0
RUB:
6.45 / 6.57