Төтенше жағдай салдарынан екі адам, соның ішінде бір бала зардап шекті. Павлодар тұрғыны өрт кезінде терезеден секіріп кетіп, қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өрт 12 маусымға қараған түні бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде болған. ТЖД қызметкерлері екі тұрғынды, соның ішінде бір баланы құтқарып қалды. Олар жану өнімдерімен улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ өрт кезінде 2003 жылы туған бойжеткен өрт сөндіру қызметі жеткенге дейін өзін құтқармақ болып екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
"Пациент Павлодар қалалық №3 ауруханасына сағат 04:25-те жеткізілді. Дәрігерлердің жасаған барлық әрекеттеріне қарамастан, ол сағат 05:50-де қайтыс болды. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", – деп хабарлады аймақтың денсаулық сақтау басқармасы.
Оқи отырыңыз: Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Еске салсақ, Павлодарда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде болған өрт кезінде бойжеткеннің терезеден секіріп, ауруханада жатқаны туралы хабарлаған едік. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін мәлімдеді.