Тікелей эфир

Павлодар облысының полицейі жоғалған мал мен боранда қалған адамдарды құтқарды

7 қаңтардан бастап аймақтың бірнеше трассасы жабық күйінде қалады.

Павлодар облысының тұрғындары екі күннен бері «Қатты жел, көктайғақ, қардың қалың жаууы, жолдың жеткіліксіз көрінуі» деген сипаттағы СМС-хабарламаларды алып жатыр. Бұл туралы Polisia.kz. жазды.

"Таңертең маған Шиқылдақ ауылының тұрғыны Қанапия Дүйсенбаев қоңырау шалды. Ол менен көмек сұрады. Оның 30 бас қойы бораннан желмен ықтап, жоғалып кеткен екен. Далада ештеңе көрінбеген. Қатты жел соғып, көлік әртүрлі бағытта жүрді. Біз ауыл тұрғындарымен бірге іздеуге шықтық. Іздеу үш сағатқа созылды, нәтижесінде ауылдан 7 шақырым жерде қойлар табылды", – деді Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы Биканов Аян.

Қойды жаяу іздеп жүргенде учаскелік полиция қызметкері ішінде адамдары бар жеңіл көлікті көрген. Белгілі болғандай, Екібастұз тұрғындары балық аулауға шыққан екен, ал боран басталған кезде олар үйге қайтып оралмақшы болған. Далада ештеңе көрінбегендіктен, адасып, бір күн көлікте отырған.


Оқи отырыңыз: Аяз не боранды күні жолда қалып қойсаң, не істеу керек? Жолаушыға арналған кеңестер


"Досым екеуміз балық аулауға шықтық. Қатты боран басталып, қайтып оралуға шешім қабылдадық, бірақ адасып кеттік. Клік қарлы боранға кептеліп қалды. Біз артқа да, алға да шыға алмай тұрып қалдық. Бір күн тұрдық. Суықтан тоңып, шынымды айтсам, өмірмен қоштасуға дайын болдық. Бір кезде біреу бізге қол бұлғап тұрғанын көрдік. Учаскелік полицей Аян бізді шығарып алып, елді мекенге жетуге көмектесті. Оған үлкен рақмет", – деді құтқарылған қала тұрғындары.

Серіктестер жаңалықтары