Павлодар облысының Иртышск ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі бала көз жұмды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға туралы қоңырау таңғы сағат 08:33-де түскен.
"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына үш минут ішінде жеткен. Алайда сол сәтте үй толығымен жалынға оранып, жиһаз бен тұрмыстық заттар, сондай-ақ шатыр жанып жатқан. Құтқарушылар ауыр жағдайға қарамастан, бірден адамдарды іздеуге кіріскен. Нәтижесінде өрттен үш бала тірі күйінде шығарылып, тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылған. Алайда екі баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған", – делінген хабарламада.
Өрт шамамен 50 шаршы метр аумақты қамтып, кейін толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17