Тікелей эфир

Павлодар облысында тұрғындарды 15 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды

Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті.

Павлодар облысы мен “CyberPol” бөлімшесінің жедел қызметкерлері банк қызметкерлерінің көмегімен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлықты ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

"Күдікті өз жерлестерінің сенімін асыра пайдаланып, жәбірленушілердің дербес деректерін иемденіп, екінші деңгейдегі банктерде тауар кредитін ресімдегені анықталды. Тауар ресімделген дүкен қолма-қол ақша алуға көмектесті. Бұл ретте жазасыз қалуға үміттеніп, кәсіпкер қыз банк қызметкерлеріне жалған телефон нөмірлерін қалдырды", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер бүгінгі күні күдіктінің қармағына түскен өңірдің 10 тұрғыны полицияға жүгінгенін атап өтті. Шығынның жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрайды. Алаяқтық фактілері бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Оқи отырыңыз: Семейлік тұрғын достарының атына 39 миллион теңге несие рәсімдеген


 

Серіктестер жаңалықтары