Семейлік азамат таныстарынан элиталық компанияға жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрап, жұмысқа орналасқаннан кейін олардың атына берілген несиелерді өтеуге уәде берген. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны өзінің таныстарынан оған бұрын жақсы нәтиже көрсеткен спорттық ұйымға қайта оралу үшін материалдық көмек сұраған. Таныстары алаяққа сеніп, өздерінің атына несие алып береді. Кейінірек “жалған спортшы” достарының ақшасын құмар ойынға жұмсайтыны анықталды. Жәбірленушілер өздерінің таныстарының тәуелділігі туралы біліп, алданғандарын түсінген.
Оқи отырыңыз: Алаяқтықтар саны 3000% өсті. Deepfake жасаған фото мен видеоны қалай ажыратамыз?
Полицияға 19 адам жүгінді. Барлық фактілер ҚР Қылмытық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал – 39 миллион теңге. Тергеу аяқталғанша өзге ақпараттар жарияланбайды.