Павлодар облысында шенеуніктер 50 млн теңгенің жерін 60 мыңға жалға берген

Сондай-ақ жайылымдық жердің жетпей жатқанына қарамастан, жерді бір адамға ғана берген фактілер анықталды.

Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығы жерлерін беруге байланысты заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Тексеріс барысында елді мекендер шегінде жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелерін беріп, міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдаланғаны үшін төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі бұзушылықтар анықталды.

"Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 млн теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген. Халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, олар "бір қолға" берілген. Мысалы, Ертіс ауданында 47 мың га тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген. Осындай фактілердің бірі бойынша аталған ауданда сот тәртібімен ауданы 3 мың гектардан асатын жайылымдар қайтарылды", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: "Малдың өзі ішпей жатыр". Жамбыл облысында тұрғындар ауыз су тапшылығына шағымданды


Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша облыс прокуратурасы қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тексерулер жалғасуда. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау