Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Қасымовтың мәліметінше, реттеуші құжаттар бойынша іздеу 10 күн бойы жүргізіледі. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
"Ер адам суға батқан сәттен бастап 20 күн бойы іздедік. Бірінші кезеңде 10 күн іздедік: алғашқы үш күн белсенді, жеті күн пассивті іздеу. Туыстарының өтініші бойынша іздеулер қайта қолға алынды және жеті күн пассивті іздеу жүргізілді. Оны батып кеткен сәтінен бастап 20-шы күні таптық", – деді Ерлан Қасымов.
Подполковниктің айтуынша, су әлі лай болғандықтан, көрінуі өте нашар. Сондықтан сүңгуірлердің өміріне қауіп төнген, себебі, ағаш, қоқыс және басқа да заттар болған.
Ер адамның денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы ағыстан табылған. Оның мас күйінде болған-болмағаны сот-медициналық сараптама кезінде анықталады. Қорытынды 30 күннің ішінде беріледі.
Оқи отырыңыз: 1 маусымда Алматыда шомылу маусымы басталады. Қай жерлерде суға түсу қауіпті
Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылды.