Тікелей эфир

1 маусымда Алматыда шомылу маусымы басталады. Қай жерлерде суға түсу қауіпті

Алматыда және тау бөктеріндегі аудандарда 44 су айдыны бар.

Алматы қаласында шомылу маусымы 1 маусымда басталады. Соған орай, Алматы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде суға түсуге болатын және қауіпті жерлер туралы айтып берді. 

Оның мәліметінше, Алматы қаласы аумағында 4 жерде суға шомылатын орын бар:

  • Сайран көлінің батыс бөлігі;
  • Сайран көлінің батыс бөлігі;
  • Қонаев атындағы ҮАК бойындағы "Гүлдер" демалыс аймағы;
  • "Баум тоғайының" жағажайы.

"Алайда, Сайран көлінде іргелес аумақты абаттандыру жүргізілуде, жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың мамыр айында жоспарланған. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын гидротехникалық құрылыстармен күрделі жөндеуге байланысты биыл каналды сумен толтыру жоспары жоқ", – деді Әнуар Юсупов.


Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар


Алматы қаласында және тау бөктеріндегі аудандарда жалпы саны 44 су айдыны бар, алайда олардың 9-ы шомылу маусымы кезінде халық үшін қауіпті:

  • Шаңырақ және  Дархан шағын аудандарындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы;
  • Дархан ықшам ауданындағы Үлкен Алматы өзені – Алатау ауданы
  • Үлкен Алматы өзені (әл-Фараби-Науаи) – Бостандық ауданы;
  • Кемел ықшам ауданындағы Первомайские пруды – Жетісу ауданы;
  • Кіші Алматы өзені(Бутаковкаға бұрылатын жерде) – Медеу ауданы;
  • Юннатское көлі– Медеу ауданы;
  • Ақсай өзені – Наурызбай ауданы;
  • Әуежай көлі – Түрксіб ауданы;
  • Қарасу өзенінің саласы (Шестуха) – Түрксіб ауданы.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары