Тікелей эфир

Павлодар облысында ауыл тұрғынынан 55 ақбөкен мүйізі табылды

Павлодар облысының аумағында аң аулауға тыйым салынған 20 мыңнан астам ақбөкен бар.

Баянауыл ауданында ауыл тұрғынынан 55 ақбөкен мүйізі табылып, тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ер адамның өзі түсіндіргендей, ол жұптасу кезеңінде өлген ақбөкендердің өлекселерінен мүйіздерін кесіп алған. Осы факті бойынша ҚР Қылмысьық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында тиісті сараптамаларды тағайындаумен барлық мән-жайлар анықталатын болады.

"Қазіргі кезде Павлодар облысының аумағында аң аулауға тыйым салынған 20 мыңнан астам ақбөкен бар. Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 134 фактісі анықталды", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз әрекет жасағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда ақбөкен саны көбейіп келеді. Шенеуніктер оның етін тұтыну мәселесін талқылауда


Осы бап бойынша 3 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартумен, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен, не белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жаза көзделген немесе 5 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысу қажет.


Серіктестер жаңалықтары