Азамат сот ескертулерін елемей, жұмысқа орналасқысы келмеген.
Павлодар облысы Тереңкөл ауданында тұрғын 2019 жылдан бастап баласына алимент төлемеген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер азамат алимент бойынша пайда болған қарызын өтеуге және оны ай сайын төлеуге бағытталған бір де бір шараны қабылдамаған. Сот актілерін орындау міндеттілігі туралы сот орындаушыларының жазбаша хабарламалары мен ескертулерін елемей, жұмысқа орналасқысы келмеген.
"Ер азамат ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК, яғни 14 585 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Алайда содан кейін де кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент берешегін өтеу үшін тиісті шаралар қолданбаған. Осылайша биылғы жылдың басында жалпы қарызы 1,5 млн теңгеге жетті", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: "Баласына 15 мың теңгесін қимайды". Алимент өндіру үшін не білу керек?
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.
Сот шешімімен оған жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
252
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
260
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
242
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
251
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
266
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
252
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
256
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
255
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
227
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
228
-
1
-
5
-