Павел Дуров Telegram қолданушыларына сыйлықтар аукционына қатысуды ұсынды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оған қатысу үшін мессенджердің жаңартылған нұсқасын жүктеп алу керек.

Telegram мессенджері Stories форматында тікелей эфирлерді және сыйлықтар аукционын тестілеуді бастады. Бұл туралы платформаның негізін қалаған Павел Дуров өз арнасында хабарлады.

Павел Дуровтың айтуынша, танымал адамдардың сыйлықтары сатылымға шыққанға дейін Telegram қолданушылар арасында эксклюзивті сандық ұшақты өзі ойнатады.

"Ұтыс ойыны 50 раундтан тұрады. Әр раундта бірінші орынға шыққан 20 қатысушыға 20 Telegram ұшағынан таратылады", – деді ол. 

Бірінші раунд 60 минутқа созылады, ал қалған раундтардың ұзақтығы – бес минуттан. Аукцион шамамен 19:35-те басталады. Қатысу үшін мессенджердің жаңартылған нұсқасы болуы қажет.

Айдың басында Telegram-ның бета-нұсқасында сыйлықтарды сату және сатып алу үшін арналған жаңа функция – аукционға қатысты белгілер байқалған болатын. Әзірге белгілі мәліметке сәйкес, қолданушылар бір-біріне жібере алатын сыйлықтар аукцион форматында сатылады. Олар 50 данадан тұратын лоттармен ұсынылады. Қатысушылар платформаның ішкі валютасы – "Жұлдыздарды" (Stars) пайдалана отырып, өз бағаларын қоя алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары