Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарған А. бірнеше адамды алдап кеткен.
Шымкент соттарының мәліметінше, сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беретінін айтқан. Әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасауға келісіп, пәтерді арзан бағаға алып беретіні туралы алдап 113 миллион теңге қаражат алған.
"Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде ақша өндірген. Жәбірленушілерге 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген. Сот А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады", – делінген хабарламада.