Тікелей эфир

"Паспорттық бақылау жүйесі істемей қалған". Алматы әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болды

Бұл жағдайға әуежайдың баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Алматының жаңа халықаралық әуежайындағы паспорттық бақылау жүйесінде ақау шығып, ұзын-сонар кезек пайда болды.

Жолаушылар әлеуметтік желілерде әуежайда ұзақ күткені туралы шағымдарын жазып жатыр.

Алматы әуежайының мәліметінше, жүйедегі ақаудың әсерінен жолаушылар кезегі пайда болғанымен, ол рейстердің кешігуіне себеп болмаған. Жүйенің жұмысын қалпына келтіру үшін жарты сағат қажет болған.

"Паспорттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болды. Ақаулар жойылды. Алдын ала тексеру мен сканерлеу кезінде проблемалар болмаған. Ақау себебінен рейстердің кешігуі байқалмады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр", – делінген әуежай хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары