Париждегі Ұлттық табиғат тарихы мұражайынан 600 мың еуроның алтын құймалары ұрланды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Алдын ала деректерге сәйкес, қаскөйлер мұражайға мұқият дайындалып келген.

Парижде Ұлттық табиғат тарихы мұражайы тоналды. Қылмыс дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні болған. Actu17 порталының хабарлауынша, шығын мөлшері 600 мың еуроға жеткен.

Алдын ала деректерге сәйкес, қаскөйлер мұражайға мұқият дайындалып келген. Олар сейфтен 6 алтын құйманы алып кеткен. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеуді сот полициясының арнайы бригадасы жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, биыл тамыз айында France Info радиосы мұражайға жасалған кибершабуыл туралы хабарлаған болатын. Шабуыл бірнеше аптаға созылып, зерттеу жұмыстарына қажет онлайн құралдарды, коллекциялар бойынша кеңес беруді және кітапхана қызметін тоқтатуға мәжбүр еткен.


Оқи отырыңыз: Алматыда жауыннан кейін жол опырылды: 13 көлік зақымданды


Ұлттық табиғат тарихы мұражайы – Франциядағы ірі ғылыми-зерттеу орталығының бір бөлігі. Оның құрамына бірнеше мұражай, зертханалар, кітапхана, ботаникалық бақ, Венсен зообағы мен түрлі парктер кіреді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз