Парижде өтіп жатқан ойындарда отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады.
Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.
15:00. Отырып ойнайтын волейбол.
Ерлер, алдын ала раунд, А тобы. Үшінші тур.
Қазақстан – Мысыр Босния мен Герцеговина екі турдан кейін максималды алты ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды.
Мысыр мен Қазақстанда үш ұпайдан бар: қос құрама кездесуіінң жеңімпазы плей-офф кезеңіне өтеді, жеңілгені бесінші орын үшін таласады.
В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сонымен қатар Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07