Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев Арбаттағы "шу" мәселесінің қалай шешілетінін айтты. Әкім Арбатты басқа жерге көшіру арқылы мәселенің шешілмейтініне тоқталды.
"Менің ойымша, бұл біздің адамдарымыздың мәдениеті. Кешкі сағат 23.00-ге дейін ән айтуға, би билеуге рұқсат. Ал ары қарай мазаны алатын болса, мәселе Заң аясында шешіледі. Егер Панфиловтың бір жерінен орын бөлетін болсақ, онда басқа пәтердің тұрғындары шағымданады", – деді әкім.
Мұнымен қатар ол жастарға арналған шығармашылық орталықтары құрылып жатқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен үй алған тұрғындар су астында қалды
"Біз керісінше жағдайды реттеуге тырысып, музыканттар мен бишілерімізді Заң аясында қолдаймыз. Қазір жастарға арналған шығармашылық орталықтарын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осылайша олар өз талантын басқа жерде көрсетуге мүмкіндік алады", – деді Ерболат Досаев.