USD: 476.1 / 479.1
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Пациенттердің шағымынан кейін республикалық психиатриялық аурухана тексерілетін болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Министрлік психиатриялық ауруханадағы емдеу жағдайын бақылауға алды.

Пациенттердің жағдайына қатысты шағымдардың жиі түсуіне байланысты республикалық психиатриялық ауруханаға кешенді тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде пациенттердің ем алу жағдайына қатысты шағымдардың көбеюіне байланысты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мекеме қызметін тексеруді бастайды.

"Тексеріс барысында мамандар медициналық құжаттарды, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің болу жағдайларын қарайды. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне және ем қабылдап жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуына құқықтық баға беріледі. Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген хабарламада. 

Министрліктің мәліметінше, бұл – Қазақстандағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын пациенттерді қабылдайтын жалғыз мамандандырылған психиатриялық аурухана. Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша емделуге жіберілген азаматтар ем қабылдайды.

"Мекеме ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған көмек көрсетумен қатар, сот шешімдерінің орындалуын және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Ауруханадағы пациенттердің 80 пайыздан астамы жеке тұлғаға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар болғандықтан, мұнда ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау