Өзбекстандағы тұрақты авиакомпаниялардың саны 4-ке көбейіп, жалпы саны 8-ге жетті. Жыл басынан бері олар елге 17 ұшақ әкелді, деп хабарлады UzA агенттігі.
Өзбекстанның Көлік министрлігі елдегі резиденттік авиакомпаниялар мен олардың ұшақтарының саны туралы мәліметті жария етті. Оған сәйкес, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанда Centrum Air, Silk Avia, Asia Union Airlines және Tashkent Air авиакомпаниялары құрылып, жұмысын бастады. Олардан бөлек, Өзбекстанда Uzbekistan Airways, Qanot Sharq, Panorama Airways және Humo Air әуе компаниялары бұрыннан жұмыс істейді.
Хабарда 2023 жылдың 6 айында Uzbekistan Airways және жаңадан құрылған резидентті авиакомпаниялар 17 ұшақ әкелгені жазылған.
Бүгінгі таңда Uzbekistan Airways, Qanot Sharq, Centrum Air, Silk Avia және Humo Air авиакомпаниялары жергілікті бағыттар бойынша аптасына 93 тұрақты рейсті орындайды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болады?