Тікелей эфир

Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін тауар таратуға тыйым салынды

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өзбекстанда қоғамдық шараларда тегін тауар таратуға тыйым салынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа қаулыға ел премьер-министрі Абдулла Арипов қол қойды.

Сонымен қатар жарнама мақсатында өнімдерді тым арзан бағада сатуға шектеу қою көзделген. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жаңашылдыққа маусым айының басында Ташкент саябағында болған келеңсіз оқиға себеп болған. Балаларды қорғау күні тегін ойыншық таратылып, мыңдаға адам бір-бірін таптап кетуден тайынбаған еді. Кептеліс кезінде жеткіншектер де жарақат алған болатын.

Қоғамдық іс-шараларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін сол кезде саябақтың директоры, оның орынбасары мен жарнама бөлімінің басшысы 15 тәулікке қамалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары