Тікелей эфир

Өзбекстан кей шетел азаматтарының елге кіруіне 5 жылға тыйым салмақ. Олар кімдер

Олар, сондай-ақ Өзбекстанда мүлік сатып алу не банк есепшотын ашу сынды құқықтардан айырылады.

Өзбекстан Парламентінің мәжілісі кейбір шетел азаматтарының елге кіруіне тыйым салатын заңды мақұлдап, Сенатқа жолдады. 

Заң мәтініне сәйкес, мұндай азаматтардың елге кіруіне бес жылға тыйым салынады. Олар, сонымен қатар Өзбекстанда жылжымайтын мүлік сатып ала алмайды, банктерде есепшотын аша алмайды және ешқандай қаржылық операциялар жасай алмайды. 

Өзбекстан депутаттарының тұжырымдауынша, шетел азаматтарының "қара тізімге" енуіне келесі жағдайлар себеп болады: 

  • Өзбекстанның конституциялық құрылымының негізіне нұқсан келтіретін идеяларды насихаттау; 
  • Өзбекстанның конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге бұқаралық үндеулер;
  • Ұлтаралық, дінаралық және әлеуметтік алауыздық туғызу;
  • Өзбекстан халқының абырой-беделін, тарихын жоққа шығару, оған деген сенімді түсіруге қатысты әрекеттер.

"Бұл заңды қабылдау Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, конституциялық құрылымын қорғау және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Заң шетелдік азаматтардан төнетін экстремизм, терроризм және өзге де қауіптермен тиімді күресуге көмектеседі", – делінген Парламент мәжілісінің баспасөз мәлімдемесінде. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары