Өзбекстанның Нурафшан қалалық соты тиктокер Валерий Югайға қатысты үкім шығарды. Ол Өзбекстанның қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сотталып, 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Өзбекстанның Жоғарғы соты хабарлады.
Еске салайық, Валерий Югай 2024 жылы Оңтүстік Кореяда тұрған кезінде TikTok желісінде Өзбекстан азаматтарына, оның ішінде ел президенті Шавкат Мирзиёевке тіл тигізетін видеолар жариялап, бұл өзбекстандықтардың ашу-ызасын тудырған болатын. 2025 жылғы сәуірде оның Абу-Дабиде ұсталып, Ташкентке жеткізілгені белгілі болды.
Сот оны Қылмыстық кодекстің "Ұлттық, нәсілдік, этникалық немесе діни араздық қоздыру" және "Өзбекстан Республикасының Президентіне қастандық жасау" баптары бойынша айыпты деп тапты. Енді Валерий Югай жазасын колонияда өтейді.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59

