USDUSD: 510.5 / 512.9
  • EUREUR: 574.0 / 578.0
  • RUBRUB: 6.33 / 6.45
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Өзбекстан шетел азаматтарына арналған "алтын визаны" енгізеді

Фото: Podrbno.uz
Фото: Podrbno.uz
Оны алу үшін 200 мың доллар төлеу қажет. Ал отбасының басқа әрбір мүшесі үшін баға – 100 мың долларды құрайды.

Өзбекстан 2025 жылғы 1 маусымнан бастап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ жандар үшін ықтиярхат алуға арналған "алтын визаны" енгізеді. Бұл туралы Өзбекстан президентінің жарлығы 18 сәуірде қабылданды. 

"Алтын визаны" рәсімдеу үшін 200 мың доллар төлеу қажет. Сондай-ақ, отбасының басқа әрбір мүшесі үшін баға – 100 мың долларды құрайды. 

Ықтиярхат – азаматтығы жоқ адамның немесе шет мемлекет азаматының жеке басын куәландыратын, Өзбекстан аумағында тұрақты тұруға рұқсатты растау үшін берілген құжат.

Бүгінде Өзбекстанда тұруға рұқсат азаматтардың кейбір санаттарына беріледі:

  • Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар – 16 жасқа толған кезде;
  • ережеде белгiленген тәртiппен Өзбекстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған адамдар, оның iшiнде заңға сәйкес Өзбекстан азаматтығы тоқтатылған елге оралған адамдар;
  • Өзбекстан аумағында тұрақты тұратын, бірақ ел азаматтығын қабылдамаған немесе Өзбекстан азаматтығы заңға сәйкес тоқтатылған тұлғалар.

2019 жылдан бері Өзбекстанда 109 елдің азаматтарына белгілі бір сомаға жылжымайтын мүлік сатып алған жағдайда тұруға рұқсат беретін бағдарлама бар.


Оқи отырыңыз: Өзбекстан азаматтарының Қазақстанда тіркеусіз жүру мерзімі ұзартылмақ


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары