Тікелей эфир

Өзбекстанда Әбу Насыр әл-Фарабидің көне кітаптары табылды. Фото

Сондай-ақ, табылған жәдігерлер арасында Әмір Темір сарбаздары қолданған қарулар да бар.

Өзбекстанның Наманган облысында XI-XIV ғасырға тән құнды жәдігерлер мен кітаптар табылды, деп хабарлады, аталмыш облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Әл-Фарабидің кітаптарында ғылым, философия және тарихқа қатысты құнды дүниелер жазылған. 

Әл-Фарабидің кітаптары

Өзбекстанның Наманган облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәдігерлер Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніне қойылды. Кешендегі жәдігерлер саны 10-ға жетті. Олардың қатарында 475-600 жылдарға тәне Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасы бар.

Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасы

Оқи отырыңыз: Қазақ теңгесінде қандай тарихи тұлғалар бейнеленді? Шолу


"Мамандар XI ғасырға тиесілі дейтін қылыш ұрыс жағдайында сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның жасалуы әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Әмір Темір сарбаздары қолданған қылыштар

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары