Өзбекстан мен Қазақстан қолданыстағы 5 күндік мерзімді 30 тәулікке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының өзара сапарларының шарттары бойынша, екі ел азаматтары бір-біріне тіркеусіз 5 тәулікке ғана келе алады. Бұл мерзімді ұзарту жөніндегі екі елдің хаттама жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылды. Хаттама жобасында бұл мәселеге қатысты екі елдің ұстанымдары берілген.
Елге уақытша тіркеусіз келу мерзімін 30 тәулікке ұзарту
- Өзбекстан ұстанымы. Азаматтың ұлттық паспорты болса, екінші елдің аумағында тіркеусіз 30 күн бола алады. Бұл ретте тек мемлекеттің уәкілетті органдарына хабарлама берсе жеткілікті.
- Қазақстан ұстанымы. Өзбекстан ұсынысымен сәйкес. Бірақ, оған қоса, азаматтың 180 күндік кезең ішінде екінші елде тіркеусіз болу мерзімі 90 күннен аспауы қажет. Яғни, аталған кезең ішінде екінші елде әрбірі 30 күннен болатын болса, тек 3 рет келе алады деген сөз.
Оқи отырыңыз: Қазақстан университеттерінде өзбек тілі мен әдебиеті оқытылады
30 тәуліктен 6 ай не одан көп мерзімге дейін ұзарту
Өзбекстан мен Қазақстан ұстанымы бірдей. 30 тәулік мерзімі өткен соң азамат тіркеуге тұру арқылы елде болу мерзімін ұзарта алады. Бұл ретте мерзімді ұзарту үшін елден шығу қажет емес.
Миграциялық бақылау картасын жою
Өзбекстан аталған картаны қолданыстан алып тастауды ұсынды. Ал Қазақстанда миграциялық бақылау картасы үш жыл бұрын қолданыстан шығарылған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-