USD: 488.5 / 491.1
  • EUR: 569.0 / 574.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

"Өтемақы төленбейді". Атырау облысында жауын-шашыннан кейін мыңнан аса мал қырылды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Тығырыққа тірелген жандар жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

Атырау облысының Жылыой ауданында қолайсыз ауа райының салдарынан мыңнан астам ұсақ мал қырылды. Бірнеше шаруашылықтың қойы тоқтаусыз жауған нөсердің астында қалып қойған. Шаруалардың айтуынша, жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, жағдайды одан ары қиындатқан, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

Табиғаттың тосын мінезінен он бір шаруа қожалығы қып-қызыл шығынға батты. Әр шаруашылықтың шамамен 200-350 ұсақ малы қырылған. Тығырыққа тірелген жандар жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

Ветеринария бөлімінің басшысы жаңадан қырқылған Шопан ата төлінің ауа райының қолайсыздығына шыдас бермегенін алға тартты. Қазіргі уақытта мамандар тау болып үйілген өлекселерді өртеп, айналаны түгел тазалап шықты. Алайда шенеуніктер мұндай жағдайда өтемақы төленбейтінін ашық мәлімдеді.


Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам 16-қабаттың балконынан секірмек болды


Қалыптасқан жағдайға байланысты Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сайран Ғұднан ресми түсініктеме берді.

"Жалпы шығынға ұшыраған мал саны – 1238. Ветеринар мамандар әкімдікпен бірлесіп, қырылған малдың өлекселерін түгелдей өртеп жойды. Малдан аса қауіпті аурулар анықталмағандықтан, басқарма тарапынан өтемақы төленбейді. Қыстан шыққан малдың күйі төмен болады, оның үстіне жақында ғана жүні қырқылған екен. Нөсер жаңбырдың астында қалған соң, малға су өтіп кеткен", – деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сайран Ғұднан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз