Тікелей эфир

Отбасы мүшелеріне қол көтеретін азаматтар сот шешімімен үйінен уақытша шығарылуы мүмкін

Әйелдер мен балаларды қорғау заңнамасына бірнеше өзгеріс енгізіледі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасы мүшелерінің мазасын алып, қол көтеретін азаматтар сот шешімімен үйінен уақытша шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жауапты ведомствоның өкілдері әйелдер мен балаларды қорғау заңнамасына бірнеше өзгеріс енгізілетінін жеткізді. Соған сәйкес, ішкі істер органдарында жаңа бөлімше құрылып, отбасындағы зорлық-зомбылық істерін арнайы полицейлер тергемек.

"Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді және ұрып-соғуды қылмыстық жауапкершілікке тарту жоспарланып отыр. Құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптар шеңберінде сотқа "агрессорды" тұрғын үйден уақытша шығару құқығы беріледі. Сонымен қатар, оған әлеуметтік бейімделу орталықтарында өз іс-әрекеттерін уақытша қарастыру ұсынылады. Сот "агрессордың" денсаулық сақтау ұйымдарында міндетті психокоррекциялық курстардан өтуін тағайындауға құқылы болады", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.


Оқи отырыңыз: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түбінде қандай мәселелер жатыр? Сарапшылар пікірі


 

Серіктестер жаңалықтары