Банк салымшылары несие алу үшін тұрғын үй сомасының 30 пайызын жинаса жеткілікті.
Коммерциялық нарықтан үй сатып алғанда Отбасы банкі 50% бастапқы жарнамен несие береді. Енді құрылыс салушылармен жасалған келісімдердің арқасында банк салымшылары пәтер ақысының 30 пайызын ғана жинап несие ала алады. Бұл туралы Алматы қаласы "Отбасы банк" АҚ филиалының директоры Данагүл Түсіпова Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
"50 пайыздық бастапқы жарнаны жинау азаматтарымызға әрі қиын, әрі көп уақыт алады. Отбасы банк құрылыс компаниялармен келісім жасау арқылы бастапқы жарна сомасын 30 пайызға дейін төмендетіп отыр. Банк құрылыс компанияларымен белгілі бір тұрғын үй кешендеріне келісімшарт жасайды. Отбасы банк салымшыларына сол тұрғын үйден пәтер сатып алған кезде отыз пайыздық бастапқы жарна ғана қажет. Бұл мүмкіндік құрылыс компания тарапынан он пайыздық субсидия беру арқылы жасалып отыр. Олар сатып алушыларына он пайыздық жеңілдік беріп қана қоймай, 10%-ды ақша түрінде банктегі депозитіне салу мүмкіндігін беріп отыр", – деді Данагүл Түсіпова.
Оқи отырыңыз: "7-20-25", "Бақытты отбасы" және өңірлік ипотекалар. 2023 жылы қалай баспана алуға болады?
Отбасы банкінің бұл өнімі бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 7%-ды (ЖТСМ 7,4%-дан) құрайды және үш жылдан кейін бес пайызға дейін төмендейді. Несие 25 жылға дейін беріледі. Ең жоғарғы несиелеу сомасы – 100 млн теңге.
"Алматы қаласында төрт құрылыс компаниясымен келісмшарт жасалды. Отбасы банк клиенттеріне 10 тұрғын үй кешеніндегі 850 пәтер ұсынылды. Тұрғындарымыз өздеріне ұнайтын үйді таңдап, "Баспана Маркет" порталында немесе банк бөлімшесінде пәтерді брондап, несиеге өтініш бере алады", – деді Данагүл Түсіпова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
335
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
311
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
285
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
272
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
254
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
265
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
216
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
209
-
1
-
2
-